Оқиға

Астананың сол жағалауы сусыз қалды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтусу беру
су беру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы тұрғын үйлер, мейрамхана мен сауда орталығы су құбырындағы апат салдарынан сусыз қалды

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. Астананың "Есіл" ауданында  су құбыры жарылып, салдарынан тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар сусыз қалды.

Апат жексенбі күні таңертең  Сығанақ пен Сауран көшелерінің қиылысында орын алды. 

 "Астана Су Арнасы"  МҚК  жарылған жерден су ағынын тоқтату, су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін қанша тұрғын үйге ауызсу беру шектелетіні белгілі болады. Ақауды жойғанша суды көлікпен тасу  ұйымдастырылады",  - деп хабарлайды «Есіл» ауданы әкімдігі өзінің Facebook желісіндегі парақшасында. 

"Зерно" бар мейрамханасы мен "Комфорт" сауда-қызмет орталығында су беру шектеулі. 


Жаңалықтар
0