Оқиға

Астанада Highvill тұрғын үй кешенінде өрт шыға жаздады

© Sputnik / Болат ШайхиновЖК Highvill Astana
ЖК Highvill Astana - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы зәулім тұрғын үйде тағы да қауіпті жайт туындады, бұл жолы зардабын ешкім тартқан жоқ

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Астанада Highvill тұрғын үй кешенінде ауа баптағышта қысқаша тұйықталу орын алды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Хайвилл тұрғын үйі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада "Highvill" тұрғын үйінде шыққан өрт салдарынан 4 адам көз жұмды

Оның айтуынша, сейсенбі күні сағат 21.30-да тұрғын үйдің 6-қабатында балконда тұрған ауа батпағышта қысқаша тұйықталу болып, бірақ өрт шықпаған.

"Қысқаша тұйықталудың бастапқы себебі ауа баптағыштың қызып кетуі. Құрылғы балконда орнатылған", — деп мәлімет берді Иманқұлов.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Эвакуация да қажет болмады. Оқиға орнына елордалық өрт сөндіру қызметінен 23 адам, бес көлік жіберіліп, Астана қаласы Алматы ауданы Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0