11:35 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Тоңазытқыш жанындағы бала, архив

Семейде тоңазытқыш ішінен 7 жасар баланың жансыз денесі табылды

© AP Photo / Alice Martins
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
1922 0 0

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. Семейде 7 жасар ер бала тоңазытқыш ішінен өлі күйінде табылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне қалалық ішкі істер басқармасынан хабарлады. 

"25 шілде полицейлер хабар түскен үйге келіп, үйдің ауласындағы тоңазытқыш ішінен 2010 жылы туған ер баланы тауып алды", — деп хабарлады полиция. 

Қазіргі уақытта баланың тоңазытқыш ішіне не себепті кіргені белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында дәл осындай жағдайда 7 жасар қыз баланың көз жұмғаны туралы хабарланған болатын. 

"Ер бала қайтыс болды. Қыз бала туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", — деді полицейлер. 


Загрузка...

Басты тақырып