20:33 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Жаркент түбіндегі ұшақ апаты (4)
74 0 0

ЯК-12 ұшағы Жаркенттен 10 шақырым жерде құлаған

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Комитет ақпаратына сәйкес, 27 шілдеде Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, 2 адам қаза тапты.

Ұшақ авиахимиялық жұмыстар жүргізіп жатқан. ЯК-12 ұшағы "ҚазАвиа" әуе компаниясына тиесілі. 

Комитет бұл оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады. 

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, ЯК-12 ұшағы жүгері алқаптарына химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген.

"Ұшақтың ішінде ұшқыш пен тағы бір адам болған, екеуі де қаза тапты", — деді ол. 
Тақырып:
Жаркент түбіндегі ұшақ апаты (4)
Загрузка...

Басты тақырып