Оқиға

Астаналық студенттер Ақмола облысында жол апатынан қаза болды

© Photo : Stefan Schweihoferескерту белгісі
ескерту белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы-Екатеринбург тас жолында жігіттер мінген автокөлік жағаға шығып аударылып қалды

АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында елордалық жоғары оқу орынның студенттері жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Жол апаты 31 шілде күні таңертең Астрахан ауданы Жалтыр кентінен бір шақырым жерде Алматы-Екатеринбург тас жолында орын алды. Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Астанадан Атбасарға бара жатып, жолдан шығып, көлігін аударып алды. 

Жол апаты салдарынан 20 жастағы жүргізуші мен 20 жасар жолаушы көз жұмды. Екінші жолаушы жарақаттармен Астрахан орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. 

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Mercedes-Benz көлігінде болғандардың барлығы жоғары оқу орындарының 2-ші курс студенті, елорда тұрғындары. 

 

 

Жаңалықтар
0