Оқиға

ҚР СІМ: жоғалып кеткен қазақстандық қызды Бахрейнде іздеп жатыр

CC0 / / Бойжеткен
Бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжам бойынша бойжеткен Бахрейнге жұмыс істеуге кеткен

АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. 24 жастағы қазақстандық Тагина Хайтметова Бахрейн Корольдігінде жоғалып кетті. Ата-анасының сөзіне қарағанда, жұма, 28 шілдеде, бойжеткен қыз жұмыс тауып, араб мемлекетіне тұрақтағанын хабарлаған. Бірақ содан бері байланысқа шықпаған.

"Бізде нақтыланған ақпарат бар: 28 шілдеде бойжеткен Біріккен Араб әмірліктері мен Бахрейннің шекарасын кесіп өткен. Сол уақыттан бері Бахрейн аумағынан Дубайға оралмаған. Қазіргі уақытта Бахрейнге жетекшілік ететін Сауд Арабиясындағы біздің дипломаттарымыз қызды іздеу бойынша қажетті шаралар қабылдап жатыр", — деді Sputnik Қазақстанға ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Ата-анасы 24 жастағы астаналық Тагина Хайтметованың өткен аптада болжам бойынша қонақ үйде жұмыс тапқаны туралы айтып хабарласқанын жеткізеді. Бұдан бұрын Бахрейнге қыз БАӘ арқылы өз етімен аттанған. 

СІМ-нің хабарлауынша, Бахрейнге кірудің оңтайлатылған жүйесі орнатылған. Ол бойынша біздің азаматтарымыз елге кірген кезде виза алып, ол бойынша мемлекет аумағында 30 күндей бола алады. 


Жаңалықтар
0