21:17 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Шымкентте тікұшақ бастаған той кортежі

Шымкентте тікұшақ бастаған той кортежінің қатысушылары жазаланды

© Foto: Кадр видео
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
34 0 0

Тікұшақтың жолдың үстімен ұшуы заңға қайшы ма, жоқ па – әлі анықталған жоқ

АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Полицейлер тікұшақ бастаған той кортежіне қатысушыларды жазалады. Байлығын паш етуге тырысқан "мақтан сүйер" қазақстандықтар ақыры айыппұл төлейтін болды. 

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде пайда болған видео талай жұртты дүрліктірген болатын. Қымбат көлікке мінген жас жұбайлар мен олардың құрбы-құрдастары жолдағы ережені ұмытып, Шымкент-Ташкент тас жолында құлдилатқан. 

"Полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 614 бабына сәйкес Bentley және Toyota Land Cruiser көліктерінің үш жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты", — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті. 

Өзгелер де жазаланады, деп сендірді полицейлер. Әзірге бейнероликтегі "басты жұлдыз" – тікұшақ кімдікі екені белгісіз. Тікұшақтың жолдың үстінде ұшуының қаншалықты заңды екенін және биіктікте қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелерін құзырлы органдар зерттеп жатыр. 

Заңға сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзған қымбат көліктердің иелері бар болғаны жеті мың теңге (3 айлық есептік көрсеткіш — агенттік ескертпесі) шамасында төлеп құтылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 614 бабына сәйкес егер жүргізушілер лауазымды қызметтегі адамдар болса, олар 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. 

 

Басты тақырыптар