Оқиға

Астанада жоғалған оқушының іздестіріліп жатқанына төрт күн болды

CC0 / / қолында ұялы телефоны бар жеткіншек
қолында ұялы телефоны бар жеткіншек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шіркеуде болғаннан кейін 13 жасар бала жоғалып кетті

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Астаналық жетінші сынып оқушысының туыстарымен байланысқа шықпай жатқанынан төрт күн болды.

Он үш жасар Иван Шиванов сейсенбі, 1 тамызда жоғалып кетті. Таңертең ол Бөгенбай батыр даңғылы бойында орналасқан Серафим Саорвскийдің шіркеуіне мерекелік тәуап етуге барып, одан кейін ағылшын тілінен қосымша сабаққа баруы тиіс болатын. Сол күні ол үйіне оралған жоқ. 

© Photo : из семейного архиваИван Шиванов
Иван Шиванов  - Sputnik Қазақстан
Иван Шиванов

Оқушының анасы Татьяна Викторовнаның сөзіне қарағанда, Иван бұрындары да үйінен кетіп тұрады екен. 

"Мен оған ғибадатханадан кейін бірден үйге бар дедім. Оған ол ұнамаған сияқты. Ол басқа жерге барғысы келген болар. Сосын ақшаны маған бер деді, өйткені ол бұрындары да кетіп қалып, жоқ болып кететін. Үш сағаттан кейін ол ағылшын тілі курсына баруы тиіс болатын. Меніңше, менің айтқандарым оған ұнамай қалған", — деді Sputnik Қазақстанға Татьяна Викторовна. 

Алғаш рет Иван үйден өткен жылғы қарашада кетті. Осы жағдайдан кейін ол ата-анасынан кешірім сұрады, алайда 2017 жылғы мамырда ол үйінен қайтып кетіп қалған. Ата-анасы мен туыстары оны компьютер клубтарынан тауып алатын, бірде ол тіпті подъезде қонған. 

"Біз ол туралы білмедік, бірақ сосын ол туралы өзі айтып берді. Клубтарда болғаны туралы бізге дін қызметшісі айтып берді. Күйеуім Ванямен сөйлеспек болды. Бірақ ол әжесімен тұрды, оған меніңше ата-анаң сөзі ештеңені білдірмейді. Мен оны алты жастан бері тәрбиелеп жатырмын. Менің жанымда ол жақсы, ал басқа компанияда болған кезде мен оны танымай қаламын", — деді Татьяна Викторовна. 

Иванның анасының айтуынша, жеткіншек ағылшын тілінен қосымша курстарға барғалы бері жүктемеден жүйкесі сыр бере бастапты. Одан бөлек бала әлі күнге дейін оның әзілінен қыздың зардап шеккен кездегі мектеп психологиялық жағдайды ұмыта алмай жүр екен. 

Татьяна Викторовна Иванмен жақында мектеп психологтары жұмыс істей бастағанын айтты. 

"Ол бірінші білдіріп алып, сосын бүлдіреді. Мен оны көшеде соққыға жығады ма деп қорқамын", — деді Иванның 15 жасар ағасы Захар. 

Келесі аптада, 9 тамызда Иванның туған күні. Туыстары оны отбасында атап өтеміз деп үміттенеді. 

Иван Шиванов қара шалбар, кроссовки және қысқа жеңді ашық көк жейде киген. Баланың қолында Adidas фирмасының қара рюкзагы болған. 

Иванның қай жерде екенін білетін баршадан анасының телефон нөміріне (87079771212) хабарласуларын сұрайды. 


Жаңалықтар
0