03:19 20 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD387.34
  • EUR428.44
  • RUB6.04
Ай

Қазақстан халқы бүгін түнде айдың тұтылуын көре алады

© AP Photo / Sergei Grits
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
330 0 0

Тұтылу кезінде Айдың бір бөлігі жер көлеңкесіне шомады

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Қазақстан халқы бүгін түнде болатын айдың тұтылуын көре алады, деп хабарлады Sputnik Қазақтанға Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Андрей Солодовник. 

"Өткенге көз жүгіртетін болсақ, аспанда айдың тұтылмағанына біраз уақыт болыпты. Соңғы рет айдың толық тұтылуына алты жыл бұрын куә болдық. Енді тамыздың 7-сінен 8-іне қараған түні бізді ғажайып көрініс күтіп тұр. Жартылай болса да ай тұтылады. Жартылай дегеніміз — жер көлеңкесінің түнегіне толық Ай табағысының бір бөлігі орналасады. Яғни түн басталған кезде Ай толық болады, бірақ құбылыс дами келе, оның үлкен бөлігі "жоғала" бастайды", — деді агенттікке берген сұхбатында Солодовник. 

Андрей Солодовниктің атап өтуінше, тамыз айы – ерекше ай болмақ, өйткені тұтылу түні қосымша тосын сыйлар да болуы мүмкін. 

"Ең алдымен, бірден бірнеше белсенді метеорлық ағынмен байланысты тамаша жарқын метеорлар болуы мүмкін. Олардың арасында ең бастысы – атақты Персеидтер. Дегенмен, бұл басқа оқиға. Бірақ осыған байланысты сәтті жіберіп алмаңыздар", — деп түйді Солодовник. 

Кілт сөздер:
қазақстандықтар, құбылыс, айдың тұтылуы
Загрузка...

Басты тақырып