13:24 17 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.01
  • EUR430.12
  • RUB6.10
Өзенге шомылу

Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар суға батып кетті

© Sputnik / Алексей Куденко
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
48 0 0

Олардың бірінің денесі әлі табылған жоқ

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған екі қыз суға батып кетті – қыздардың бірінің денесі табылды, ал екіншісі әлі іздестірілуде, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қайғылы оқиға 6 тамызда Қорғалжын ауданында болған.   

"Қорғалжын АІІБ-не келіп түскен хабарлама бойынша, сағат 15.30-да Қараегін ауылынан он шақырым жердегі Нұра өзеніне шомылып жүрген 17 жасар екі қыз суға кеткен. 10 сынып оқушысының денесі табылды, ал кәмелеттік жасқа толмаған екінші қыздың мәйітін әлі іздеп жатыр", — деп мәлімет берді ІІД.

Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Загрузка...

Басты тақырып