05:52 20 Қазан 2017
Тікелей эфир
Азамат Балтабаев пен Жорж Киессер

Полицей мен Франция азаматы Астанада өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды

© Foto: ДВД Астаны
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
84 0 0

Қазақстандық және француз полицейі Астанада көпірден секірген Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын құтқарып қалды

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Елордалық полицей мен Франция азаматы өмірімен қош айтыспақ болған жас жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Астана қаласының ішкі істер департаменті. 

Оқиға өткен сенбі, 5 тамызда, таңғы сағат 7.40-та "Рамстор" гипермаркеті маңында Қабанбай батыр даңғылы бойындағы "Қараөткел" көпірінде орын алды. Астана ІІД Оперативті басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен көпірден төменге секіріп кетейін деп тұрған жас жігіт байқалған. Оқиға орнына бірден жол патруль полициясының қызметкерлері келді. Ол кезде жас жігіт суға секіріп үлгерді. Полиция лейтенанты Азамат Балтабаев келген бойда көмекке кірісті. Оның артынан Франция азаматы Жорж Киессер де ұмтылды. Екеуі жас жігітті жағаға алып шығып, алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Одан кейін жігітті жедел жәрдем дәрігерлеріне берді. 

Суға секірген жігіттің 1991 жылғы Шығыс Қазақстан облысының тумасы екені анықталды. Үйдегі ұрыс-керістен кейін ол өз-өзіне қол салмақшы болған. 

Франция азаматы Жорж Киессер полиция аға сержанты болып шықты, ол Франция елшілігінде қауіпсіздік жөнідегі офицер қызметін атқарады екен.

Сонымен бірге, полицияда атап өткендей, полиция лейтенанты Азамат Балтабаев осымен екінші рет адамды құтқарып отыр екен. Бұған дейін ол көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт кезінде бірнеше адамды алып шыққан.


Басты тақырыптар