Оқиға

Алматы түбінде ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

CC0 / Christian Georg / Жеңіл моторлы ұшақ
Жеңіл моторлы ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақ оқу-жаттығу тапсырмасын орындау барысында құлаған

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Алматыда бейсенбі күні ұшақ құлап, салдарынан екі адам ажал құшты, деп хабарлады Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті.

Як-12 - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жаркент түбіндегі ЯК-12 апаты: прокуратура құрбандар жайлы мәлімет жариялады

"Бастапқы мәліметтерге сүйенсек, бүгін 09.53-те оқу-жаттығу тапсырмасын орындау барысында "Технам 2002" ұшағы Азем аэродромынан 2 шақырымдай жерге құлады", — делінген хабарламада.

Екі адам қаза тапты – инструктор-ұшқыш пен курсант.

Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі. Азем аэродромы Алматыдан 43 километр жерде орналасқан.

"Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті тергеу жұмыстарын бастап кетті", — деп қорытындылады ведомство.

Жаңалықтар
0