Оқиға

Алматыда автобус өртенді

© Photo : предоставлено очевидцамиАлматыда автобус өртенді
Алматыда автобус өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Райымбек пен Розыбақиев көшелерінің қиылысында № 106 автобуста өрт шықты

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Алматыда жолда келе жатқан автобуста өрт шықты, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар депатаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес сағат 10.26-да "101-ге" Райымбек даңғылының бойында жүріп келе жатқан автобуста өрт шыққаны туралы хабарлама келіп тсүті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына он минут ішінде жеткен. 

Белгілі болғандай, мотордағы электр сымдарында қысқа тұйықталу болған. Содан өрт шығып, 0,5 шаршы метр жерді шарпыған. 

Сағат 10.41-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0