Оқиға

ОҚО-да екі көліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза болды

© Sputnik / Серикжан Ковланбаевқоршауға алу
қоршауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның оңтүстігінде жан түршіктірерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты, екеуі жарақаттанды, бір көліктің жүргізушісі ұсталды

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында екі көліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты, екеуі жарақаттанды, деп хабарлады ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметі. 

11 тамыз күні сағат таңғы 8-де Бадам кентінде жол апаты орын алды. 1991 жылғы жүргізушінің басқаруындағы "Хово" жүк көлігі ВАЗ-21070 автокөлігімен соқтығысты. 

Жол апаты салдарынан 1985 жылы туған жеңіл көлік жүргізушісі және 1960 және 1984 жылы туған оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 25 және 30 жасар тағы екі жолаушы жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді", — делінген хабарламада. 

Жол апаты дерегі Шымкент ІІБ сотқа дейінгі тергеулер тізілімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды. Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде. 


Жаңалықтар
0