Оқиға

Алматы қаласының Жетісу ауданындағы дүкен өртеніп кетті

© SputnikГончаров көшесінде дүкен өртенді
Гончаров көшесінде дүкен өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұма күні түнде Алматыда тағы бір өрт болды

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қалалық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы Гончаров көшесі 73 мекен-жайындағы дүкен өртеніп кеткенін хабарлайды. 

Өрттің болуы туралы дабыл 18 тамыз күні сағат 02.03. түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына жеті минут өткен соң келді. Өрт сөндірушілер келген сәтте, жалын дүкеннің шатырына ойысқан болатын.   

Өрт сағат 02.16 шамасында ауыздықталып, сағат 02.23 кезінде тоқтатылды. Өрттің көлемі 50 шаршы метрді қамтыды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  

Өртті жою барысында жеке құрамнан 24 адам және алты техника бірлігі жұмылдырылды. 

Оған қоса, жұма күні түнде Алматыда Розыбақиев көшесінде үш гараж өртке оранды. Олардың екеуі толығымен өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер келген сәтте тек бір гаражды сөндіріп үлгерді. Қасақана өрт қойылуы мүмкін деген күдік те бар. 

 

Жаңалықтар
0