Оқиға

Қарағандыда полициядан қашқан ұрлықшы қолға түсті

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктінің қашып кетуі бойынша құқық қорғау органдары қызметтік тексеру жүргізуде

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Полицейлер бірнеше рет ұрлық жасап, кісеннен қашып кеткен күдіктіні қайта ұстады, деп хабарлады Қарағанды облысының ішкі істер департаменті.

Шығыс Қазақстанда полицейлер ер адамды азаптап, қылмысты мойындатпақ болған - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда полицейлер ер адамды азаптап, қылмысты мойындатпақ болған

Бірнеше рет біреудің мүлкін ұрлады деген күдікпен 23 жастағы жігітті Михайлов полиция бөлімшесі ұстаған болатын, алайда кісен салып, көлікке апара жатқанда ол қашып кеткен.

Жедел іздеу шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері қашып кеткен күдіктіні 26 тамызда ұстады.  

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Қашып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу мен қызметтік тексеру жүргізілуде. 


Жаңалықтар
0