Оқиға

Ақтауда 11 жасар оқушы азғыннан қыз баланы құтқарып қалды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала қаныпезердің соңынан аңдып, қылмыс жасауына жол бермеген

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Ақтауда мектеп оқушысы таныс қызды оны ұрлап әкеткен ер адамнан құтқарып қалды, деп жазады жергілікті "Тумба" басылымы.

Оқиға 27 тамызда оқушы тұратын шағын аудандағы құрылыс басында болған. Бала құрылыс жанынан өтіп бара жатып, ер адамның таныс қызды жоғары қарай сүйреп бара жатқанын көреді.

"Қатты қорықтым, бірақ оны зорлықшының қасында жалғыз қалтыра алмадым. Соңынан еріп, үшінші қабатқа шықсам, қыз шыңғырып жылап жатты, ал ер адам одан дыбысын шығармауды талап етті. Сондай қорқынышты болды", — дейді Ақжол Сансызбай.

© Photo : ТумбаАкжол Сансызбай
Акжол Сансызбай - Sputnik Қазақстан
Акжол Сансызбай

Зорлықшы қызды қылқындырып жатқанда, ер бала оған тап берген. Сасып қалған ер адам баланы қоя беріп, қашып кетіпті.

Ақжол үйіне қызды алып келген соң, полицияға хабар берілген. Күдікті 15 минут ішінде ұсталды.


Жаңалықтар
0