Оқиға

Астанадағы құрылыста орын алған жаппай төбелестің себептері анықталды

© Sputnik / Айгюзель КадирАстанадағы Алматы және Түркістан көшелері жабылды
Астанадағы Алматы және Түркістан көшелері жабылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылыс алаңында туындаған жанжал елорданың демалыс күнгі тыныштығын бұзды.

АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Ең алдымен Астана қаласының сол жағалауындағы Алматы мен Түркістан көшелерінің жабылғаны туралы белгілі болды. Қауіпсіздік аясында жаяу адамдар мен автокөліктерді жолмен жүргізуге тыйым салынды. Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру және арнайы жасақ жауынгерлері де келіп жетті. 

Көшеде жүрген адамдар жиналып, сақшылардың айтылған өтініштеріне қарамастан олардың бірқатары оқиға барысын өздерінің ұялы телефондарына түсіріп жатты. 

Полиция жиналған адамдарға қатысты күш қолданбай, олардың үйлеріне тарауын сұрады. Алайда оның бәрі сәтсіз болды: жол айрығында жиналған адамдардың кейбіреулері полицияның қоршауынан шығуға тырысып, тұрған орындарынан кетуден бас тартты. 

Тұрмыстық жанжал 

Кейіннен ІІМ хабарлағандай, мұндай қоршау жасаудың басты себебі, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан "Абу-Даби Плаза" кешенінің территориясында туындаған қақтығыс болды. Бұл жанжал Үндістаннан келген жұмыскерлер мен жергілікті жұмыскерлер арасында орын алды.  

Төбелестің басты себебі, күзетші мас болған Үндістаннан келген жұмыскерді объектіден шығаруға бас тартады. Шетел азаматы өзінің отандастарын шақырып, күзетшіні ұрып тастайды. Бұған жауап ретінде жергілікті жұмысшылар күзетшіге болысады. Нәтижесінде кешеннің құрылысы басындағы бақылау-өткізу пунктінде отызға жуық адам қатысқан төбелес болды. 

Полицейлер сол жағалаудағы көшелерді қоршады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада сол жағалауда құрылысшылар арасында төбелес шықты

Оқиға орнына Қазақстандағы Үндістанның елшісі, компания, әкімшілік және құқық қорғау органдарының өкілдері келіп жеткен. Әкімшілікте хабарлағандай, оқиға аяқталды. Қалалық ІІД бұл жанжалды тұрмыстық сипатта орын алды деп белгіледі. Кейіннен әлеуметтік желілерде, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің оқиға жайын түсіндіруді сұраған, толқыған көпшіліктің алдына шығып, сөйлеген сөзінің видеосы таралды. Сондай-ақ, ол журналисттерге хабарлағандай, аталған факт бойынша комиссия құрылып, оқиғаның барысы жайында тексеру жұмыстарын жүргізеді. 

 

 

Бос сөздерге сенбеу керек 

Полиция ел орда тұрғындарын түрлі "арандатулардан, ойланбай жасаған шаралардан аулақ болып, шынайы емес ақпараттарға, бос сөздерге сенбеуге" шақырды. Оқиға полиция тарапынан толық шешімін тауып, бақылауға алынды. Сонымен қатар, полиция тарапынан қандай да бір тәртіпсіздіктерге жол бермеу шаралары жүзеге асырылғаны айтылды. Кейін хабарланғандай, төбелес барысында қайтыс болғандар жоқ, екі адам жеңіл жарақат алған. 

© Sputnik / Асем МиржекееваАстанадағы толқулар
Астанадағы толқулар - Sputnik Қазақстан
Астанадағы толқулар
© Sputnik / Асем МиржекееваАстанадағы толқулар
Астанадағы толқулар - Sputnik Қазақстан
Астанадағы толқулар

Жаңалықтар
0