Оқиға

Қарағанды облысында Швейцария азаматшаларына шабуыл жасалды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЖүргізуші әйел адам
Жүргізуші әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдан Астанаға бағыт алған екі шетел азаматшасының автокөлігін күшпен тартып алған

АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында жас жігіт екі шетел азаматшасына шабуыл жасап, олардың автокөлігін тартып алған, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, Швейцариядан келген екі жас азаматшалар Алматыдан Астанаға көлікпен жол тартқан. Олар Приозерск қаласының полициясына барып, белгісіз біреудің оларға күш көрсетіп, жалға алынған автокөлікті тартып алғаны жайында арыз жасаған. 

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция 21-жасар күдіктіні ұстап, оның тартып алған KIA Rio көлігін тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Қарақшылық" қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Шетел азаматшалары қонақ үйіне орналастырылып, оларға аудармашы беріліп, тамақтанды, деп хабарлайды ведомство. 


Жаңалықтар
0