12:10 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Пышақ

Оралда үш жасар сәбиге 18 рет пышақ салған

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
222 0 0

Ер адам балалы әйел мен оның құрбысын өлтіріп, үйді өртеп жібермек болған

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Оралда ер адам қызғаныштан балалы әйел мен оның құрбысын өлтірген. Қайғылы оқиға сейсенбі 5 қыркүйекте болды.

Қала сыртындағы жеке үйдегі өртті сөндіруге келген өрт сөндірушілер үш адамның денесін тапқан. Кейнірек анықталғандай, екі жас әйел – үй иесі мен оның құрбысы екен, ал үшіншісі үй иесінің үш жасар ұлы. Олар көптеген пышақ жарақатынан қаза тапқан. Медициналық сарапшылар баланың денесіне он сегіз рет пышақ салынғанын айтты.

Күдікті кешке қарай ұсталды. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының жиырма төрт жастағы жұмыссыз тұрғыны. Бұрын ұрлық үшін сотталған, ол қылмысын бірден мойындады.

"Оның айтуынша, өртенген үйдің иесі жас әйелмен бірге тұрғысы келген, ал ол бас тартыпты. Қылмыс түнгі сағат 2 мен 4 аралығында жасалған. Күдіктінің мойындауынша, әйел адам сыртқа шығып кеткенде, жігіт оған қонаққа келген құрбысын өлтіреді, содан соң үш жасар ұлын пышақтап өлтіреді. Әйелдің қайтып келуін күтіп, келген соң оны да өлтірген. Кейін үйге өрт қойып, кетіп қалады", — деп мәлімет берді Орал ІІБ басшысының орынбасары Нұрлан Бисенов.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Загрузка...

Басты тақырып