08:18 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Аурухана

Степногорск әкімдігі аппаратының басшысы қарақшылар қолынан зардап шекті

CC0
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
27 0 0

Степногорск әкімі аппаратының басшысы ашық бассүйек-ми жарақатын алып, ауруханаға түскен

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында Степногорск қаласы әкімдігі аппаратының басшысына қарақшылық шабуыл жасалды, шенеунік ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады өңірдің құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қарақшылық шабуыл 9 қыркүйек күні кешке болған. 

Белгісіз біреулер ер адамға шабуыл жасап, ұрып, әмиянын алып кеткен. Зардап шегуші ашық бассүйек-ми жарақатын алып, миына зақым келіп, ауруханаға жатқызылды.

Степногорск орталық қалалық ауруханада хабарлағандай, Владимир Бессудныйдың жағдайы аса ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. 

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Басты тақырыптар