Оқиға

Шортандыда баспанасыз әйел үсіп өлді

© AP Photo / Alvaro BarrientosҚайыр сұраған әйел
Қайыр сұраған әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысында алғашқы үсік кезінде баспанасыз әйел қайтыс болды

АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik.  Ақмола облысында үйсіз әйелдің өлі денесі табылды, алдын-ала мәліметтер бойынша ол үсіп өлген, деп хабарлады Sputnik Казахстан тілшілеріне аймақтағы Ішкі істер департаментінің баспасөзқызметі. 

Мекеме мәліметтері бойынша Бурабай АІІД 13 қыркүйек күні таңғы сағат 10.00 Шортанды тұрғыны қоңырау шалды. Ол қираған бес қабатты тұрғын үйден әйелдің денесін тауып алған. Оқиға орнына келген полицейлер тұрғылықты мекен жайы жоқ  47 жасар әйелдің қайтыс болғанын анықтады. 

Алдын ала болжам бойынша әйелді үсік шалған. Мәйіттің денесі сараптама жасау мақсатында мәйітханаға жөнелтілді. 

ТЖД мәліметтері бойынша Ақмола облысында 12 – 13 қыркүйекке қараған түні – 3 градусқа дейін үсік болжанған еді. 



Жаңалықтар
0