22:21 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Ер адам

Отбасын балалардың көзінше азаптаған – ШҚО-дағы қарақшылық шабуылдың мән-жайы

CC0
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
177 0 0

Қарақшылар үйді тонап кетерде, газды ашып, төсекке өрт қойған

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауылында үйіне қарақшылық шабуыл жасалған бизнесменнің туыстары болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп жазады YK-news.kz өңірлік басылымы.

Төтенше оқиға қыркүйектің 10-ынан 11-іне қараған түні болған, алайда, туыстарының пікірінше, бұл одан бұрын ойластырылған қылмыс. 

"Белгісіз біреулер жеке үйге басып кіріп, оқ ататын қарумен үй иесін атып, оның туысын жарақаттаған. Ер адамдардың бірі алған жарақатынан сол жерде қаза тауып, екіншісі ауруханада көз жұмды. Қаныпезерлер үйдегі екі әйелді байлап, бір миллион теңгеден астам ақшаны тонап кеткен", — бұл полицияның таратқан хабарламасындағы мәлімет.

Куәгерлердің түсініктемесі бойынша, көп ұзамай үш күдікті ұсталды, олар 26-27 жастағы жергілікті тұрғындар екен. Қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. 

Басылым анықтағандай, қаза тапқан бизнесменнің отбасы 14 жыл бұрын Қытайдан елге оралыпты.

Тілшілерге болған оқиғаның анық-қанығын Фатиханұлы отбасының туыстары айтып берді, олар мән-жайды бизнесменнің аман қалған анасының ауызынан естіген.

Сол күні өлтірілген 34 жастағы бизнесмен Мұратхан Фатиханұлының күйеу баласы айтып бергендей, түн ортасында оған екі жігіт келіпті. Кәсіпкер қақпаны ашса керек, өйткені жас жігіттер одан бұрын құрылыс материалдарын сатып алуға келген. Керекті тауарды келушілерге көрсеткен ер адам есеп айырысу үшін, жігіттерді үйге шақырады. Табалдырықтан аттай бергенде, үй иесінің арқасынан шолақ мылтықпен атқан.

Оқ үнін естіп, әуелі бизнесменнің әйелі жүгіріп шығады, қылмыскерлер әйелдің қолын ауыр жарақаттаған. Кейін қарақшылардың алдынан бизнесменнің әкесі шығыпты. Қарт  адам тонаушылармен төбелесіп, бірақ басынан оқтаумен соққы алады да, ештеңеге қауқары болмайды.     

Содан кейін, қылмыскерлер түрлерін жасырмастан, үй ішіндегілерді бір бөлмеге жинайды. Олардың арасында есінен танып қалған кәсіпкердің әйелі, анасы, соққыға жығылған әкесі мен 5 және 7 жастағы екі бала болған. Оларды скотчпен байлап, қарақшылар ақша мен асыл заттар іздей бастайды. Көбірек олжа түсіруді көздеген тонаушылар отбасы мүшелерін қинаған, сондай-ақ нұсқау алу үшін басқа біреуге хабарласып отырған. 

Қарақшылар тапқандарының бәрін алған соң, бизнесменнің әкесін атып, ас үйдегі газды ашып, төсекке өрт қояды.

Әзер босап шыққан қарт әйел, Мұратхан Фатиханұлының анасы өртті сөндіріп, газды өшіреді де, қалғандарын босатып, полиция шақырады.

Тергеу барысында анықталғандай, қарақшылар 4,5 миллион теңге тонап кетіпті. Үйдің аман қалғанын естіген соң, қылмыскерлер қашуға тырысып, алайда ауылдан шыға бере қолға түскен.

Зардап шеккен отбасының туған-туыстары айтқандай, жас жігіттер миллиондаған қарыздарын жабу үшін, қылмысқа барған көрінеді.

Басты тақырыптар