06:09 22 Сәуір 2019
Тікелей эфир
  • USD379.29
  • EUR426.40
  • RUB5.93
Түрме

Таразда алты адам түрмеден қашып кетті

© AFP 2019 / JACK GUEZ
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
91 0 0

Олар ұрлық, бұзақылық және басқа қылмыстар үшін сотталған

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Жамбыл облысындағы қоныс колониясы жазасын өтеуші 6 адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қашқындарды колония басшылығы жатпай-тұрмай іздеген екен. Енді таппаған соң елден көмек сұрауға мәжбүр. 

Бұл азаматтар алаяқтықпен айналысып, және ұсақ-түйек ұрлық жасап түрмеге түскен. Сөйтіп, жақсы тәртіптері үшін қоныс колониясына ауыстырылып, тіпті жұмысқа да орналасып алған. Мұнда кәдімгі түрмедегідей қатаң тәртіп жоқ. Бірақ сонда да осы алты сотталушы кеткен ізімен қайта келмепті.

Алды бір жыл бұрын шығып кетіп оралмаса, соңғысы осыдан екі апта бұрын жұмысқа деп кетіп, содан ары ізім-қайым жоғалған. Барлығы Алматы облысының тумалары. Енді бұлар қолға түссе, жаза үстіне жаза жамап алмақ.

Загрузка...

Басты тақырып