Оқиға

Алматыда BMW қоқыс таситын көлікке соғылды, зардап шеккендер бар

© SputnikBMW қоқыс таситын көлікке соғылды
BMW қоқыс таситын көлікке соғылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоқыс таситын көлік жеңіл көлікті байқамай, бұрыла бастаған кезде BMW көлігі қатты жылдамдықпен келіп соғылды

АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматыда BMW маркалы жеңіл автокөлік қоқыс таситын көлікке келіп соғылды, нәтижесінде жеңіл көліктің екі жолаушысы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілері.

Жол апаты жексенбі күні таңертең Солтүстік айналма жолдың бойында орын алды. 

Сүйінбай даңғылында автокөлік екі адамды соғып кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автокөлік екі адамды басып кетіп, біреуі қайтыс болды

BMW автокөлігінің жүргізушісі мен көптеген куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік шеткі қатармен жүріп келе жатты, ал қоқыс таситын көлік ортаңғы қатардан бұрылып бара жатқан кезде BMW көлігін байқамай қалған.

Нәтижесінде жеңіл көлік бар жылдамдықпен қоқыс таситын көлікке келіп соғылады. Жол апаты кезінде BMW көлігінің екі жолаушысы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. 

Алдын ала болжамдарға сәйкес, жол апатына қоқыс таситын көліктің жүргізушісі кінәлі. 


 


Жаңалықтар
0