21:04 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Астанада салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлады

Астанада салынып жатқан ғимараттың қабырғасы құлап, екі адам мерт болды

© Foto: КЧС МВД РК
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
305 0 0

Астанада құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимараттың төбесі мен қабырғасы құлап, үйінді астында екі адам мерт болып, тағы бір адам жарақат алды

АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанада салынып жатқан құрылыстың төбесі мен қабырғасы құлап, екі адам мерт болды. 

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті нақтылады. 

"2017 жылы 17 қыркүйекте сағат 11.56 кезінде Алаш 25 көшесінде жаңадан салынып жатқан құрылыс объектісінде төбесіндегі жабынды тақта мен қабырға құлаған. Нәтижесінде, алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға орнында үш адам зардап шеккен: екеуі қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді. Олардың аты-жөндері анықталып жатыр", — деді ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Астанада салынып жатқан ғимараттың төбесі мен қабырғасы құлады
Астанада салынып жатқан ғимараттың төбесі мен қабырғасы құлады

Оқиға орнында үйінділерді тазалап, зардап шеккендерді табу мақсатында 15 құтқарушы, арнайы техника мен құрылғылар жұмыс жасап жатыр. 

 


Басты тақырыптар