08:21 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Астанада салынып жатқан құрылыстың төбесі мен қабырғасы құлады

Құлаған қабырғаның астында мерт болғандар Өзбекстан азаматтары болып шықты

© Foto: КЧС МВД РК
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
159 0 0

Астанадағы салынып жатқан құрылыстың төбесі мен қабырғасы құлап, екі адам мерт болып, біреуі жарақат алды

АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанада құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимараттың құлаған үйінділерінің астында қалған құрылысшылар Өзбекстан азаматтары екені анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз орталығы. 

Жексенбі күні түс кезінде Алаш 25 көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимараттың төбесі мен қабырғасы құлады. Оқиға орнында екі жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. 

Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу жұмыстары басталды. 

Құрылыс және объектідегі бақылау жұмыстарына жауапты төрт адам: сонымен қатар тапсырыс беруші, бас мердігер мен бөлім бастығы тергеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлімшеге жеткізілді. 

 

Басты тақырыптар