Оқиға

Алматыда 56 автокөліктің бүйір айнасын шешіп алған ұрлықшы сотталды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАвтокөлік айнасы
Автокөлік айнасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот оның жеке мүлкін тәркілеп, екі жарым жылға бас бостандығынан айырды

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Алматыда автокөліктердің бүйір айналарын ұрлаумен айналысқан ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қылмыстық іс бойынша барлығы 56 эпизод тіркеліп, жалпы шығыны 7,5 миллион теңгені құрайды. 

Оңтүстік шаһардың көшелерінде, көбіне Бостандық ауданында ұрлықшы 2015 жылдан бастап 2017 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта екі жыл әрекет еткен.  
Азамат Ж. екі жыл бойы Carcity көлік базарына келіп, жеңіл автокөліктердің бүйір айналарын сатып жүрген. Базар сатушыларының айтуынша, ұрлықшы оларға автокөлік бөлшектейтін туысқанымен жұмыс жасайтынын, еңбегінің ақысына автокөліктердің бүйір айналарын алатынын айтып жүрген. 
Соттың соңғы отырысында айыпталушыға екі жыл алты ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жеке мүлкі тәркілеуге ұшыраған. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0