Оқиға

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тапты

Жазылу
Тас жол әлі салынып бітпегендіктен, көлікпен жүруге тыйым салынған

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Автокөлік жүруге болмайтын тас жолда көлік апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, жүргізуші ауруханаға түсті

Жол апаты 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні Панфилов ауданы арқылы өтетін "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолы учаскесінде болған.

43 жастағы алматылық әйел мінген  Range Rover Айдарлы ауылына жақын маңда түйемен соқтығысып, аударылып түскен. Жол апаты орнында автокөлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапты, тағы бір адам ауруханаға апара жатқанда көз жұмды.

Жол апатында түйе де қаза болған, бірақ оның кімге тиесілі екені әлі анықталған жоқ.

Белгілі болғандай, бұл учаске салынып бітпеген екен, сол себепті көлікпен жүруге тыйым салынған.

Полиция тергеу ісін жүргізуде.

Жаңалықтар
0