Оқиға

Теміртауда Анонимус бетпердесін киген белгісіз біреулер дүкен тонады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуAnonymous
Anonymous - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер ұрлықшылардың бетпердесін шешуге уәде берді: бұзақылық тонау қылмысын әшкерелеу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылды

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik. Теміртау қаласында азық-түлік дүкенін тонау әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қарулары бар, Гай Фокс бетпердесін киген екі адам түнде ғимаратқа кіріп, кассадан ақша ұрлаған, деп хабарлайды Теміртау сайты.

Жергілікті кәсіпкерлер, қалада қарулы бұзақылар тобы құрылып, қарақшылық жасап жүргенін айтып, қорқынышта жүр. Себебі, ұрлық жасау әрекеттері 15 қыркүйектен бастап орын алып келеді. Полиция қызметкерлері үш қарақшылық шабуыл мен бір тонау фактісі тіркелгенін нақтылады. Қазіргі уақытта олардың барлығы бір қылмыстық топқа қатысты болуы анықталып жатыр. 

"Теміртау қаласының ІІД қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. Оқиға орнына жақын маңдағы тұрғындардан сұрау жүргізіліп жатыр", — деп мәлімдеді Sputnik Казахстан тілшілеріне Қарағанды облысы ІІД.


 

 


Жаңалықтар
0