Оқиға

Алматыда автобус пен көліктің соқтығысуынан үш адам зардап шекті

© SputnikАвтобус пен автокөліктің соқтығысуы
Автобус пен автокөліктің соқтығысуы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда автобустың қатысуымен болған жол апаты кезінде бір ер адам мен екі әйел адам зардап шекті

АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Алматыдағы Райымбек даңғылынан төменгі жақта Сүйінбай даңғылы бойында жеңіл көлік пен жолаушы автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне оқиға куәгерлері.  

Апаттың куәгерлерінің айтуынша, алдыңғы жолда басқа автобустары тұрғандықтан №71 бағыттағы автобус аялдамаға жетпей тоқтаған. Оның артына бар жылдамдықпен  жеңіл автокөлігі келіп соғылады. 

Жол апаты кезінде үш адам зардап шекті. Автобус жүргізушісі мен жолаушысы бірден ауруханаға жеткізілді. Кондуктор қыз ауруханаға барудан бас тартқан, бірақ кейін оның жағдайы нашарлап, жедел жәрдем көлігі шақырылды.  

Жағдайдың мән-жайын Алматы полицейлері тексеріп жатыр. 

 

 

 

 

 

 


Жаңалықтар
0