21:08 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Алматыда Toyota Delica мен Mercedes Sprinter соқтығысты

Алматыда Mitsubishi жүргізушісі көлікте қысылып қалды

© Sputnik /
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
151 0 0

Аяғы сынған жүргізуші аурухана жеткізілді

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Алматыда  Mitsubishi Delica пен Mercedes Sprinter соқтығысты. Жол апаты Рысқұлов көшесінде, Жансүгіров пен Қазыбаев көшелерінің арасында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Mitsubishi Delica шығыс бағытта, Mercedes Sprinter батыс бағытта келе жатқан. Delica жүргізушісінің неліктен рөлге ие бола алмай қалғаны әзірге белгісіз. Көлік жол жиегінің үстімен қарғып өтіп, қарсы беттен бір-ақ шығып, Mercedes көлігімен соқтығысады. Қатты соққыдан көліктер майысып қалған. 

Жол апатынан үш адам зардап шекті. Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ауруханаға жатудан бас тартты.

Delica жүргізушісі көлікте қысылып қалған, оны апатқа куә болған адамдар алып шыққан. Аяғы сынған жүргізуші ауруханаға жеткізілді. 

Алматы полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

 

 

Басты тақырыптар