Оқиға

Шығыс Қазақстандағы ауылда ер адам өз-өзін жарып жіберген

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЖер бетіндегі қан
Жер бетіндегі қан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжам бойынша, ер адам белгісіз жарылғыш құралды қолданып, өз-өзін жарып өлтірген

АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде ер адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген оқиғаға қатысты іске тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

25 қыркүйек күні Глубоковский ауданы Белоусовка поселкесінде 35 жасар ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Аймақтық ustinka.kz сайтының хабарлауынша, ер адам өзін белгісіз жарылғыш құралымен жарған. Дүкеннің жанында жатқан ер адамның денесін өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.  

"Бұл оқиға ҚР ҚК 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді", — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне телефон арқылы. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция бұдан басқа ақпарат беруден бас тартты. 

 

 

 


Жаңалықтар
0