Оқиға

Алматыда жаңбырдан кейін бірнеше көшеде асфальт опырылып кетті

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЖолдағы шұңқырлар
Жолдағы шұңқырлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңбырдың салдарынан кейін орын алған жағдайды әлеуметтік желілерде тұрғындар өзара таратып жатыр

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Алматыда жаңадан төселген асфальт жаңбырға төтеп бере алмады. Жол төсемесі қаланың бірқатар көшелерінде опырылып түсті. Бұрын Алматыны жаңбырдан кейін су басатын болса, ендігі кезде жаңбыр жол төсемесіне зақым келтіріп жатыр. 

Алматыда жүк көлігінің астында жол опырылды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жүк көлігінің астында жол опырылды

Мысалы, Қалқаман-2 шағын ауданында Бәйкен  Әшімов көшесінде төселген асфальт КамАЗ" автокөлігінің астында опырылып түсті. Сондай-ақ автокөлік иелері Яссауи көшесінің бір бөлігін айналып өтуге мәжбүр. Бұл жерде де асфальт бірнеше жерде төмен түсіп кеткен. 

Бұған дейін осындай оқиға Асқаров көшесінде орын алғаны хабарланған болатын. 

 

 

Жаңалықтар
0