Оқиға

Маңғыстаудағы ірі жол апаты: бір адам қайтыс болып, жетеуі зардап шекті

© Photo : Rico_LoebЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау облысында болған ірі жол апаты салдарынан бір адам қайтыс болып, зардап шеккен жеті адамның қатарында сәби де бар

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысы Қызылсай ауылының маңында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында қайтыс болып, жеті адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды аймақтық "Лада" басылымы. 

Жол апаты жексенбі күні таңертеңі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, Lexus пен Mersedes автокөліктері соқтығысқан. 

Дәрігерлер жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеме жасады. "Алғашқы тексеруден кейін бір адам үйіне жіберілді. Бір адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр. Қалған бес адам  травматология бөліміне жатқызылды. Зардап шеккендер арасында бір жасқа толмаған қыз бала бар", — дейді Жаңаөзен орталық ауруханасының бас дәрігері Мұрат Сариев.

 

 

Жаңалықтар
0