16:40 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Ақтаудағы үй

Өзіне қол салмақ болған қызды құтқарған жігіттер оқиғаны баяндап берді

© Foto: Тимур Ниталиев / "Лада"
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
113 0 0

Ерлердің бірі қызды аяғынан ұстап тұрса, екіншісі құлатпай, көтеріп алған

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Тоғызыншы қабаттан қызды құлатпай, аман алып қалған екі ер адам болған жайтты баяндап берді, деп хабарлайды "Лада" жергілікті басылымы.

Сегізінші қабатта тұратын Зураб Гандалоевтың айтуынша, қоқыс төгуге шыққанда, жылаған дауысты естиді. Жоғары қараса тоғызыншы қабаттан қыздың аяғы салбырап тұр екен. Ер адам оның аяғын ұстап, көмекке көршісі Қанат Серкебаевты шақырады. Біреуі қызды аяғынан ұстап, екіншісі құлаған кезде көтеріп алуы керек болатын.

Зураб Гандалоевтың айтуынша, өзі де қызбен бірге құлап кете жаздапты, көршісі көмекке келмесе, аман қалуы екіталай екен.

Екі жігіт те қызды танымайды. Қыз болған оқиғадан соң қашып кетіпті.

Басты тақырыптар