00:53 21 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD341.08
  • EUR394.46
  • RUB5.37
Глобус

Астанада туристік фирма өз клиентінен миллион теңгені заңсыз иеленген

CC0 / StockSnap
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

Астаналық тұрғын туристік фирманы бір миллионнан астам қаржыны заңсыз иеленгеніне қатысты айыптады

АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Астана қаласы полицейлері туристік фирмалардың бірінің басшылығы тарапынан зардап шеккендерді іздейді. 

Клиенттердің бірінен түскен арыздың негізінде "Қазақстан туризм гроуп" ЖШС бас директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарланды.  Астана қаласы ІІД берген мәліметіне сәйкес, шетелге саяхатты ұсына отырып, туроператор 57 жасар елорда тұрғынынан   миллионнан теңгеден астам қаржысын заңсыз негізде иеленген. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190- бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Аталған туристік фирманың алаяқтық әрекетінен зардап шеккен азаматтар, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу қажет: 8 (7172) 71-65-43, 71-65-58, 79-88-05, ұялы телефон: 8 (778) 666-02-03.

Басты тақырыптар