Оқиға

Алматыда қаруы бар екі қарақшы ұсталды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚолында пышағы бар ер адам
Қолында пышағы бар ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскерлер қолдарындағы пышақпен қорқытып, пәтерде тұратын қыздардың ұялы телефондары мен ақшаларын тартып алған

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Алматы полицейлері қыздар тұратын пәтерге басып кірген қарақшыларды ұстады, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

"Күдіктілер таңғы сағат төрт кезінде қыздар тұратын пәтерге басып кіріп, пышақпен қорқыту арқылы ақша талап етіп, олардың ұялы телефондарын тартып алған. Бірнеше сағаттан кейін бұл қарақшылардың – 1995 жылы туған Д. және 1992 жылы туған Е. есімді азаматтар екені анықталды. Олардың біреуі бұған дейін бөтеннің мүмкін тонауға қатысты сотты болған", — деді Алмалы ауданы ІІБ басшысы Данияр Мендебаев.  

Күдіктілер жасаған істерін мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 191-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендердің мүліктері қайтарылып берілді. 

 

Жаңалықтар
0