07:33 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Жол талғамайтын көлік

Алматыда элиталы автокөліктерді тонаушы топ анықталды

© Sputnik / Владимир Песня
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
2210

Қылмыскерлер автокөліктерді апаттық қосылғыштың көмегімен ашқан

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik.   Алматы полицейлері элиталы жол талғамайтын көліктерді ұрлаған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды қалалық ІІД.

Қылмыстық топтың құрамында 11 адам, оның ішінде бір әйел адам болған.

"Аталған қылмыстық топтың мүшелері өте мұқият әрекет етіп жүрген. Барлықжасалған қылмыстары алдын-ала жоспарланып отырған. Қаскөйлер тек қана қымбат бағалы жол талғамайтын көліктерді ұрлаған. Қыркүйек айында олар, 200-моделді "Тойота Лэнд Крузер" маркалы екі автокөлікті қолды қылған. Екі жағдайда да олар түнде әрекет еткен. Автокөліктерді апаттық қосылғыштың көмегімен ашып, ұрлаған", — деді Алматы қаласы криминалды полиция қызметінің басшысы  Жанболат Зиадин.

Қылмыскерлер ұрланған автокөліктерді алдын ала жалға алынған гараждарға жасырған. Негізгі ойлары автокөлік құрал-саймандарындағы белгілерді өзгертіп, сатылымға шығару болған. 

Криминалды полиция тарапынан берілген мәліметке сәйкес, бұл қылмыстық топтың бір мүшесі былтырғы жылы ұсталып, 5 жыл шартты мерзімге сотталған болатын. 

 

Басты тақырыптар