07:35 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Кәріз құдығы

Астанада кәріз құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды

© Foto: lada.kz
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
18 0 0

Астаналықтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, отыздан астам кәріз құдығының қақпағын ұрлаған адамдарды бейнекамералардың көмегімен ұстау мүмкін болды

АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Астана қаласында отыздан астам кәріз құдықтарының қақпақтарын ұрлап, оларды металл сыны ретінде өткізіп жіберген, деп хабарлайды қалалық сайт елордалық полиция мәліметтеріне сілтеме жасап. 

30 және 23 жасар екі күдікті (олардың бірі бұрын сотталған) түнгі мезгілде көлікпен жүріп, ұрлық жасаған. 

"Қаскөйлер 30 кәріз құдықтарының шойын қақпақтарын ұрлаған. Қылмысты ашу кезінде қаладағы бейнекамераның көмегі болды", – делінген полиция хабарламасында. 

Күдіктілерді әкімшілік жазаға тарту мәселесі қарастырылып жатыр. 


Басты тақырыптар