10:30 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Қоршау

Атырау маңындағы жол апатында бес адам қайтыс болды

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
58 0 0

Индер тасжолының бойында көліктердің соқтығысуы салдарынан екі ер адам және үш әйел адам қайтыс болып, тағы бір адам жарақаттанған

АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Сәрсенбі күні кешке қарай Атырау қаласының маңындағы тас  жолында жүк көлігімен жол талғамайтын көлік соқтығысты, қайтыс болғандар бар, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы. 

Жол апаты сағат кешкі 21.00 шамасында қала маңындағы "Жұлдыз-3" шағын ауданына жақын жерде орын алып, МАЗ жүк көлігі мен Mercedes Benz Gelandewagen автокөлігі соқтығысқан.  Жол талғамайтын көліктің ішінде бес адам: 29 жасар жүргізуші, 58, 64, 77 жастағы әйел адамдар және 77, 80 жастағы ер адамдар болған. Олардың барлығы оқиға орнында қайтыс болды. Жүк көлігінің 41 жасар жүргізушісінің аяғы сынып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Жүк көлігінің жүргізушісі Орал қаласының тұрғыны, үйіне қайтып бара жатқан. Жол талғамайтын көлік Ақсай аулынан бет алған.

 

Басты тақырыптар