08:12 17 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Дәрігерлердің ота жасауы

Алматыдағы сауда үйінде құлап қалған балаға ота жасалды

© Sputnik / Сергей Гунеев
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
346 0 0

Бұған дейін Алматы ІІД берген мәліметіне сәйкес, құлап кеткен бала бір жасар қыз бала делінген болса, дәрігерлердің айтуынша бұл оқиғада екі жасар ер бала зардап шеккен

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Дәрігерлер Алматыдағы "Март" СОО үшінші қабатынан құлап кеткен баланың хәлі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бала Алматы қаласындағы "Март" сауда-ойын-сауық орталығының үшінші қабатынан құлап кеткен. 

Оқиға 12 қазанда орын алды. Қазіргі уақытта бала жан сақтау бөлімінде орналасқан. Дәрігерлер балаға ота жасаған, жағдайы ауыр деп есептеледі. Олар баланың жағдайы жақсаратына сеніммен қарап отыр.

Полиция бұл жағдайды жазатайым болған оқиға деп белгіледі. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 12 қазан күні "Март" СОО бала экскалатор арқылы көтеріліп бара жатқан анасының қолынан шығып кетуі мүмкін.

 

 

 

Басты тақырыптар