08:30 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты

© Sputnik /
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
81 0 0

Nissan мен Toyota бетпе-бет соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Алматыда Nissan мен Toyota көліктері соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Жол апаты Құлжа тас жолында болды. Оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан Nissan Primera жүргізушісі белгісіз себептермен қарсы бетке шығып кетіп, Toyota Land Cruiser 200 көлігімен бетпе-бет соқтығысты. 

Жол апатынан үш адам зардап шекті. Toyota жүргізушісі мен жолаушысы және Nissan жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қарсы бетке шығып кеткен Nissan жүргізушісі ауыр хәлде жатыр. 

Жол апатының мән-жайын Алматы полициясы анықтайды. 

 

Загрузка...

Басты тақырып