Оқиға

Алматыда цехтағы өрт салдарынан 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды

© SputnikАлматыда цех өртенді
Алматыда цех өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндірушілер хабар келіп түскен соң жеті минут ішінде өрт шыққан жерге жеткен

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданында цех өртенді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Алматы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Алматыда екі қабатты кеңселік ғимарат өртенді - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда ірі өрт болып, сөндіруге 120 адам мен отыз шақты көлік жұмылдырылды

Сәрсенбі, 8 қарашада 05:51-де Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне Сәтпаев, 5 мекенжайы бойынша цех өртеніп жатқаны туралы хабар жеткен. Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына жеті минут ішінде жеткен.

"Жөндеу-құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бөлікте металл шатырдың ағаш торламасы өртеніп, шатырдың біраз жері опырылған. Өрт сөндірушілердің шапшаң әрекеті арқасында өрт қойманы алып кеткен жоқ", — деп хабарлайды Баймұхамбетова.

Sputnik Қазақстан агенттігіне куәгерлер хабарлағандай, 200 адам қауіпсіз жерге шығарылған.

© SputnikАлматыда цех өртенді
Алматыда цех өртенді - Sputnik Қазақстан
1/3
Алматыда цех өртенді
© SputnikАлматыда цех өртенді
Алматыда цех өртенді - Sputnik Қазақстан
2/3
Алматыда цех өртенді
© SputnikАлматыда цех өртенді
Алматыда цех өртенді - Sputnik Қазақстан
3/3
Алматыда цех өртенді
1/3
Алматыда цех өртенді
2/3
Алматыда цех өртенді
3/3
Алматыда цех өртенді
  

Өрт 07:13-те ауыздықталып, 07:34-те сөндірілді. Аумағы 750 шаршы метрді құрайды. 

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Жаңалықтар
0