Оқиға

Астанада Infiniti көлігі екі қызды қағып кетті

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация, архивное фото
Операция, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана ІІД мәліметінше, жол талғамайтын көлік тротуарға шығып, жаяу жүргіншілерді қаққан

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Жол талғамайтын көліктің тротуарға шығып кетуі салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға түсті, полиция тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі.

Жол апаты 12 қарашада сағат 18.30-да "Керуен" сауда орталығының көлік тұрағы аумағында болған. 

"Infiniti жүргізушісі "Керуен" сауда орталығы маңындағы тұрақта тұрған Toyota Camry  көлігіне соғылып, тротуарға шығып кетеді де, екі жаяу жүргіншіні қағады. Кейін тағы бір Toyota көлігін қағып, соққы әсерінен ағашқа барып соғылған", — делінген ведомство хабарламасында.

Жол апаты салдарынан әртүрлі жарақат алып 24 жастағы қыз (жаяу жүргінші) ауруханаға түсті және 38 жастағы Infiniti жүргізушісі де ауруханаға жатқызылды. Тағы бір жаяу жүргінші – 25 жастағы қызға медициналық жәрдем көрсетілген соң, үйіне қайтарылған.

Полиция тергеу жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Жаңалықтар
0