Оқиға

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апатынан үш адам қаза тауып, сегізі зардап шекті

© Photo : Stefan SchweihoferЖол белгісі
Жол белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол талғамайтын көлік жолаушыларды әкеле жатқан шағын автобусқа соғылған

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Ақмола облысында жол талғамайтын көлік жолаушылар мінген шағын автобусқа соғылды. Көлік апаты салдарынан үш адам қаза тауып, сегіз адам ауруханаға түсті, деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Алматыда автобус Toyota  көлігімен соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда көктайғақ салдарынан жантүршігерлік жол апаты болды

Жол апаты оқиғасы 11 қарашада Астана-Көкшетау тас жолында болған. 

Бастапқы мәлімет бойынша, Павлодар облысының 52 жастағы тұрғыны Toyota Land Cruiser автокөлігін жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай, Mitsubishi Delica шағын автобусына соғылған. 

Жол апаты салдарынан шағын автобустың екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмған. Тағы сегіз адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.


Жаңалықтар
0