06:39 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Пәтер тонаушлырады ұстау

Алматыда полициядан қашқан пәтер тонаушы бес көлікті қағып кетті

© Foto: пресс-служба ДВД Алматы
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
89 0 0

Тонаушы шағын жүк көлігіне соғылып барып тоқтаған

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Алматыда пәтер тонаған күдікті полициядан қашамын деп, бес көлікті қағып кетті, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Екі күдікті Түрксіб ауданы "Жас Қанат" шағын ауданында орналасқан үйлердің бірінен шыға бергенде, жедел қызметкерлер тобы алдарынан шыққан. Тонаушылар біреудің үйіне басып кіріп, ноутбук, ұялы телефон, алтын бұйымдар мен ақшалай қаражат ұрлапты.

  • Пәтер тонаушлырады ұстау
    Пәтер тонаушлырады ұстау
    © Foto: пресс-служба ДВД Алматы
  • Пәтер тонаушлырады ұстау
    Пәтер тонаушлырады ұстау
    © Foto: пресс-служба ДВД Алматы
  • Пәтер тонаушлырады ұстау
    Пәтер тонаушлырады ұстау
    © Foto: пресс-служба ДВД Алматы
  • Пәтер тонаушлырады ұстау
    Пәтер тонаушлырады ұстау
    © Foto: пресс-служба ДВД Алматы
1 / 4
© Foto: пресс-служба ДВД Алматы
Пәтер тонаушлырады ұстау

Пәтер тонаушылар полицияға кезігіп қаламыз деп күтпеген көрінеді: біреуі бірден қолға түсіп қалса, екіншісі қаша жөнелген. Күдікті Lexus көлігіне мініп, ауладан қашып шықпақ болғанда, тұрақта тұрған бес көлікті қағып кетіпті. 

"Қызметкерлеріміз соңынан қуған. Жылдамдықты асырып, жол ережесін өрескел бұзған қашқын Жангелдин көшесінде шағын жүк көлігіне соғылып, апатқа ұшырады. Осылайша, тонаушы полициядан қашып құтыла алмады", — деп мәлімет берді Алматы қаласы қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиядин.

Басты тақырыптар