Оқиға

Алматыда Mercedes пен BMW соқтығысып, жүргізуші зардап шекті

© SputnikАлматыда Mercedes пен BMW соқтығысып, жүргізуші зардап шекті
Алматыда Mercedes пен BMW соқтығысып, жүргізуші зардап шекті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рөлге ие бола алмай қалған BMW жүргізушісі, жанынан озып бара жатқан Mercedes көлігіне соғылған

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Жол апаты Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылы және Розыбақиев көшесі қиылысында болған, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Куәгерлердің айтуынша,  Mercedes пен BMW Әл-Фараби бойымен баты бағытта кетіп бара жатады. Бұрылыс кезінде BMW жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол үстінде шайқалақтай бастайды. Салдарынан BMW Mercedes-ті арт жағынан қағып кетіп, қоршауға барып соғылды.

© SputnikАлматыда Mercedes пен BMW соқтығысты
Алматыда Mercedes пен BMW соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Алматыда Mercedes пен BMW соқтығысты

 

Жол апатынан BMW жүргізушісі зардап шегіп, ол әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған. 

Жаңалықтар
0