05:54 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Тапанша

Көкшетауда қарт кісі туған ұлының басына оқ атты

© Sputnik / Виталий Аньков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
70 0 0

Зейнеткерге қатысты қылмыстық іс қозғалған

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Көкшетауда қарт кісі үйде жанжал шығарған ұлына абайсызда оқ атып, жаралады, деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Полиция хабарлағандай, 39 жастағы ер адам үйге мас күйінде келген, қолында травматикалық тапанша болыпты, әкесіне қаруды тауып алғанын айтқан. Екеуінің арасында жанжал туындап, ұлы қарт әкесін сабай бастайды. Зейнеткер баласының қолынан тапаншаны тартып алып, абайсызда үш рет атады. Ер адам басынан оқ жарақатын алған. 

ІІД мәліметіне сүйенсек, жәбірленуші ата-анасының қолында тұрады, жұмыс істемейді, маскүнемдікке салынып, жанжал шығарады. Учаскелік инспекторлар маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде арылтуға жөнелткен. Ата-анасы бұдан бұрын полицияға баласы туралы арыз түсірмеген көрінеді.

70 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ешқайда жол жүрмейтіні туралы қолхат жазып берген.

Басты тақырыптар