Оқиға

Алматыда ірі өрт болып, оннан астам көлік өртеніп кетті

© Photo : ДЧС АлматыГорение складов по Утеген батыра, 2Б
Горение складов по Утеген батыра, 2Б - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түнгі өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Алматыда сенбіге қараған түні қойма ғимараты өртенді, деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, өрт туралы хабар 04.27-де келіп түскен.

Алғашқы жасақ Өтеген батыр көшесі, 2Б мекенжайына он сегіз минутта жетті.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенде көп функциялы кешен ашық жалын болып өртеніп жатыр екен. Жаттығу залы, гараж, тоғыз жеңіл көлік, екі кар және бір жүк тиегіш көлік жаныпты.

Өрт бір сағат ішінде ауыздықталып, тағы бір сағат өткенде толығымен сөндірілді. Аумағы – 1200 шаршы метр.

Жаңалықтар
0